Қателесуге мүмкіндік жоқ, туындаған жағдай бәрімізді алаңдатты....

Алматы қ. ССИ сот сарапшылары Tengrinews.kz. тілшісіне Атыраудағы балықтардың жаппай қырылу ісі бойынша жүргізілген сараптама туралы айтып берді.

«2019 жылдың сәуірінде Орал өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс аясында екі сот-экологиялық сараптама тағайындалды. Сарапшыларға шешу үшін бірқатар сұрақтар, соның ішінде Орал өзенінде балықтардың қырылу себебін, сондай-ақ Орал өзені суының ластану көзін анықтау тапсырмалары қойылды.

Біз сол аймаққа барып, Орал өзенін, «Атырау Су Арнасы», ТЭЦ, бекіре балығын өсіретін шаруашылық және Луговой ат зауытын қарап шықтық. Қателесуге мүмкіндік жоқ еді, туындаған жағдай бәрімізді алаңдатты.

Әрбір кәсіпорынның технологиялық циклдары зерделеніп, қырылған балықтарға, су, мұз сынамаларына, су түбінің қалдықтарына зерттеу жүргізілді. Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Орал өзенінен алынған частик және бекіре тұқымдас балықтардың ағзасына және ұлпаларына көпсатылы зерттеу жүргізіліп, балықтарға хлорлы заттың әсеріне тәжірибе жасалды. Балықтардың қырылу себебі өте уытты зат хлордың әсерінен улануынан болып табылды, ол балықтардың тынысалу функцияларының бұзылуына, балықтардың ішкі ағзасының, соның ішінде бауыр, ішек, ұйқы бездерінің зақымдануына әкеп соқтырды.

Ластау көздерін анықтау үшін біз әртүрлі уақыт аралығында Орал өзенінен алынған және аккредиттелген зертханалар жүргізген су, мұз сынамаларына, су түбінің қалдықтарына зерттеу жүргізіп, өзен суын пайдаланатын кәсіпорындардың технологиялық циклдарын және қолданатын реагенттерін талдадық.

Алынған нәтижелер «Атырау Су Арнасы» кәсіпорнының Орал өзеніне төгетін шартты-таза сулары хлорид және бос хлордың көзі болып табылатынын көрсетті. Сараптама нәтижесі қарастырылған қылмыстық іс бойынша құқыққорғау органының айыптау қорытындысына арқау болды...»

Мақаланың толық нұсқасын https://tengrinews.kz/article/massovaya-gibel-ryibyi-v-atyirau-sledovatel-raskryil-detali-1618/ сілтемесі арқылы оқи аласыз.

Жаңалықтар
22.10.2021
Ақпараттық жүйені енгізу жұмысты жылдамдатады
Бастама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамның барлық салаларын автоматтандыру туралы 2017-2018 жылдардағы жолдауларынан кейін туындады. Министрлік сот сара...
21.10.2021
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтын қайта аккредиттеу
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы 2021 жылы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларыны...
13.10.2021
Сот сарапшылары есірткіге қарсы халықаралық күрес мәселелері бойынша АҚШ Елшілігінің өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты
2021 жылғы 13 қазанда Сот сараптамалары орталығы сот сарапшыларының АҚШ Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері: Есірткіге қарсы халықаралық...
12.10.2021
Батыс және Орталық Азиядағы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық желілерін дамыту.
2021 жылғы 12 қазанда БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің қамқорлығымен сот-медициналық сараптама жән...
07.10.2021
ТМД аясындағы ынтымақтастықтың жаңа форматы
2021 жылғы 7 қазанда онлайн форматта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сот сараптамалары органдары басшыларының Мемлекетаралық...
01.10.2021
Сот сарапшыларының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
2021 жылғы 1 қазанда онлайн форматта «Сот сараптамасының заманауи аспектілері: теория және практика» тақырыбында сот сарапшыларының халықа...
30.09.2021
CADAP 7: есірткіге сұранысты қысқарту бойынша ЕО және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы
Сот сараптамалары орталығының өкілдері А.Ж. 30 қыркүйекте CADAP 7: есірткіге сұранысты қысқарту бойынша ЕО және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақ...
14.09.2021
Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті бірлескен отырысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласында бейнеконференц байланыс бойынша онлайн форматта Сот сараптамалары орталығының директорының м. а. Р.Нұғмановтың төрағалығымен Ғылы...
27.08.2021
Павлодар облысы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшылары жоғары баға алды
25.08.2021 жылы Қазақстан Республикасының Конституция Күні мерекесі қарсаңында Павлодар облысы бойынша сот сараптамалары институтының акт залында Павл...