Ақпараттық жүйені енгізу жұмысты жылдамдатады

Бастама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамның барлық салаларын автоматтандыру туралы 2017-2018 жылдардағы жолдауларынан кейін туындады. Министрлік сот сарапшысы қызметін автматтандыру үшін «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұдан былай, сот сарапшылары материалдары қабылдауды, сараптамалық қорытынды әзірлеу және жолдауды, барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді электрондық форматта жүргізетін болады. Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсаты қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалану, сараптама жүргізу кезінде қажетті криминалистикалық маңызды ақпараттарды жүйелеуге және қағаз түріндегі құжат айналымынан бас тартуға бағытталған. Сонымен қатар, ақпараттық жүйені қолдану сот сараптамасын тағайындайтын органдармен өзара қарым-қатынасты жеделдетеді. Әзірленген жүйе барлық тексеру сатыларынан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай деп танылды. Ол Жоғарғы соттың «Төрелік» және Бас прокуратураның «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жүйе еліміздің барлық аймақтарында сынамалы түрде іске қосылған.

Бұл туралы толығырақ біздің сарапшылар Хабар 24 арнасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында баяндап берді (https://24.kz/kz/telepoject/tsifrlyk-kazakhstan).

Жаңалықтар
22.11.2021
«Е-saraptama» ақпараттық жүйесінің пилоттық режимде іске қосылуының жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы органдарының қызметін автоматтандыруға арналған "Е-Saraptama" ақпараттық жүйесі...
19.11.2021
Nur Otan " партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау
2021 жылдың 22 қазанында "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауымен бірге ҚР Әділет министрі М.Бекетаев азаматтарды қабылдад...
17.11.2021
Дәрілік зат тропикамидті химиялық-токсикологиялық зерттеу
Бұл мақалада химиялық-токсикологиялық зертханада талдауға ұсынылған объектілерден (мәйіт материалынан)  тропикамид дәрілік затын жұқа қабатты хро...
09.11.2021
Сот сарапшыларына аттестаттау жүргізу туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда,...
08.11.2021
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі арасындағы сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қырғыз Республикасының Әділет министрлігімен сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келіс...
25.10.2021
Nur Otan " партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау
2021 жылдың 22 қазанында "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауымен бірге ҚР Әділет министрі М.Бекетаев азаматтарды қабылдад...
22.10.2021
Ақпараттық жүйені енгізу жұмысты жылдамдатады
Бастама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамның барлық салаларын автоматтандыру туралы 2017-2018 жылдардағы жолдауларынан кейін туындады. Министрлік сот сара...
21.10.2021
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтын қайта аккредиттеу
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы 2021 жылы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларыны...
13.10.2021
Сот сарапшылары есірткіге қарсы халықаралық күрес мәселелері бойынша АҚШ Елшілігінің өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты
2021 жылғы 13 қазанда Сот сараптамалары орталығы сот сарапшыларының АҚШ Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері: Есірткіге қарсы халықаралық...