Дәрілік зат тропикамидті химиялық-токсикологиялық зерттеу

Бұл мақалада химиялық-токсикологиялық зертханада талдауға ұсынылған объектілерден (мәйіт материалынан)  тропикамид дәрілік затын жұқа қабатты хроматография әдісімен зерттеу қарастырылды.

Тропикамид дәрілік заты офтальмоскопия және рефракцияны анықтау кезінде диагностикалық мақсаттарға, көздің қабыну ауруларын кешенді емдеуде синехияның дамуын болдырмауға арналған. Препаратты жиі қолдану әдеттілікке және психикалық тәуелділікке әкеп соқтырады. Тұрақты екпе қабылдау өте қысқа мерзімде ауыр зардаптарға әкеледі. Тропикамид галлюцинацияны тудырады. Тропикамидті қолданудың тәуелділігі мен салдары героинге қарағанда бірнеше есе күшті. Препаратты қолданатын нашақорларда бірнеше апта ішінде тері сары балауызға айналып, гемоглобин 32 г/л дейін төмендейді.

Біздің зерттеу барысындағы мақсатымыз - биологиялық материалдан тропикамидті бөліп алу әдістерін зерттеу және оны сәйкестендіру. Біз органикалық тұнбада тропикамидті зерттеу үшін келесі әдістерді қолдандық: Зерттеу үшін стандартты зат ретінде 1% Мидриацил (тропикамид) ерітіндісінің көз тамшылары қолданылды, с.с. Алкон-Кувер н.в. В-2870 Пурс, Бельгия.

Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, жүргізілген зерттеулер негізінде сулы ерітінділерден және әр түрлі биологиялық объектілерден тропикамидті бөліп алудың жоғарыда аталған әдісін ұсынуға болады. Бұл жағдайда, қышқыл ерітінділерден экстракция кезінде эфирдің орнына хлороформды қолдану қажет және рН мәні - 9 болғанда тропикамидтің негізгі экстракциясын жүргізген жөн.

Талипова Б.З., Адилгалиева К.М. Жезқазған қ. ССИ

 

 

 

Жаңалықтар
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...
04.07.2022
"Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
2022 жылдың 04-05 шілдесінде "Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семин...
01.07.2022
"Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді
2022 жылғы 29 маусымда "Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі"...
21.06.2022
"Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өткізілді
2022 жылғы маусымның 15-17 күндері "Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу. Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың ана...
08.06.2022
Азия Cот сараптамасы қоғамдастығының онлайн кездесуі өтті
2022 жылғы 7 маусымда  Азия Cот сараптамасы қоғамдастығының (AFSN) тыйым салынған есірткі және токсикология жөніндегі жұмыс тобының онлайн кездес...
02.06.2022
Орталық қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында семинарлар өткізді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының  2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет...
01.06.2022
«Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу –міндет»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет минист...
31.05.2022
Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері студенттерге семинар өткізді
ҚР ӘМ аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 31н бұйрығымен бекітілген ҚР ӘМ 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөн...