Киберқылмыстарды тергеу бойынша аймақтық практикалық курс өткізілді

2021 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) киберқылмыстарды тергеу бойынша өңірлік практикалық курс өткізілді. Аталған курсты Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының Академиясы мен Ұлыбританияның Ташкенттегі Елшілігі ұйымдастырды.

Курсты Ұлыбританияның Platinum 3Р сарапшылар тобы жүргізді, оның құрамына кибернетика, тергеу және барлау жөніндегі директор Джон Блейк және басқарушы директор – психология бакалавры, ұйымдастыру психологиясының магистрі Кэрол Брукс кірді.

Іс-шараға Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан республикаларының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және сараптамалық қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

Бұл курстың мақсаты қылмыс, терроризм және психология саласындағы тәжірибені қолдана отырып, халықаралық деңгейде киберқылмыс саласындағы командалық тергеулердің мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Курс аяқталғаннан кейін Сот сараптамалары орталығының сарапшыларына оларды кибер тергеу саласындағы құзыретті зерттеуші-практик деп тану туралы сертификаттар берілді.

Жаңалықтар
18.01.2022
Сот сараптамалары -зерттеу институты Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің ( IQAA) аккредитеуінен өтті.
2021 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сот...
24.12.2021
Сот сараптамалары орталығының директораты өтті
          2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталы...
21.12.2021
Киберқылмыстарды тергеу бойынша аймақтық практикалық курс өткізілді
2021 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) киберқылмыстарды тергеу бойынша өңірлік практикалық курс өткізілді. А...
15.12.2021
Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты марапаттау
Адами ресурс, кадрлық әлеует – кез келген мемлекеттің негізгі "байлығы". Еңбекке қабілетті адамдардың әлеуетін дамытуға көп көңіл бөлі...
13.12.2021
БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетімен ынтымақтастық
Ағымдағы жылғы 13-14 желтоқсанда Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті ұйымдастырған Медициналық...
22.11.2021
«Е-saraptama» ақпараттық жүйесінің пилоттық режимде іске қосылуының жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы органдарының қызметін автоматтандыруға арналған "Е-Saraptama" ақпараттық жүйесі...
19.11.2021
Nur Otan " партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау
2021 жылдың 22 қазанында "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауымен бірге ҚР Әділет министрі М.Бекетаев азаматтарды қабылдад...
17.11.2021
Дәрілік зат тропикамидті химиялық-токсикологиялық зерттеу
Бұл мақалада химиялық-токсикологиялық зертханада талдауға ұсынылған объектілерден (мәйіт материалынан)  тропикамид дәрілік затын жұқа қабатты хро...
09.11.2021
Сот сарапшыларына аттестаттау жүргізу туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда,...