"Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

2022 жылдың 04-05 шілдесінде "Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинар жұмысына аумақтық бөлімшелердің сот сарапшылары қатысты.

Ғылыми-практикалық семинар барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

"Бүгінгі таңдағы жарылу-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері, семинарды өткізудің мақсаты";

"Жарылыс техникалық сараптама – жұмыстарын ұйымдастыру. Жарылыс техникалық сараптама нысандарына полигондық сынақ жүргізу";

"Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда сот сараптамасын жүргізудің маңыздылығы";

"Жарылғыш заттарды талдаудың аспаптық әдістері";

"Сот-техникалық сараптама жүргізу кезінде жарылғыш зат зарядының массасы мен тереңдігін анықтау үшін топырақтағы шұңқыр параметрлерін бағалау критерийлері".

Семинар шеңберінде тәжірибелік сабақтар – масс-спектрометриялық детектірлеумен инфрақызыл спектрометрия және газ хроматографиясы әдістерімен жарылғыш заттарды диагностикалық зерттеу бойынша зерттеудің аспаптық әдістерінің тұсаукесері өткізілді. Көрсетілген талдау аспаптарында тротил жарылғыш заттарының спектрограммалары алынды. Жұқа қабатты хроматография бойынша тәжірибелік сабақ. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, жарылғыш заттар мен жарылыс өнімдерін сараптамалық зерттеу схемасындағы орны талқыланды.

Түрлі объектілер бойынша жарылыстардың мән-жайларына сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Жарылыс-техникалық сараптамасы мамандығын бөлу, оның ішінде жеке мамандықтарға бөлу туралы мәселелер көтерілді. Бұл мәселе қатысушылар үшін ашық күйінде қалып отыр, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Технологиялық кемшіліктермен және бұзушылықтармен байланысты техногендік сипаттағы не қауіпті өндірістердегі жарылыстарды зерттеу жетекшілік ететін ұйымдардың (Өнеркәсіптік қауіпсіздік институты, Мемтехгорнадзор және т. б.) құзыретіне жататыны, олардың мамандарын бір реттік тәртіппен және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сарапшылар ретінде тарту мүмкін екендігі, бұл ретте сот сараптамаларын жүргізудің қолданыстағы қағидаларында ЖТС сарапшысы құзыретінің шектерін және шешілетін сұрақтар мен объектілер ауқымын бекіту туралы пікірлер айтылды.

Жарылыс техникалық сараптама объектілерін қабылдау кезінде жағдайлардың, оларды зерттеу және зертханада, сондай-ақ заттай дәлелдемелерді сақтау камераларында да сақтау жағдайларының болмауын өткір проблема деп атауға болады. Қазіргі уақытта Орталықтың жарылыс-техникалық сараптамасы бағыты бойынша бірде бір аумақтық бөлімшесі нормативтік құжат №310 бұйрықпен бекітілген Арнайы жабдықталған үй-жайлар мен жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келмейді. Объектілерді жарылысқа жарамдылығына сынау үшін полигонды ұсыну проблемасы көптеген өңірлерде ашық күйінде қалып отыр, бұл тиісті жағдайларды ұсынудың мүмкін еместігімен байланысты.

Бұл шарттардың болмауы сарапшылардан сараптама жүргізу және заттай айғақтарды сақтау кезінде олар Институтта болған кезеңде бейінді зертхананың қызметкерлері үшін де, қызметкерлер орналасқан онымен аралас үй-жайларда да қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге байланысты жоғары назар аударуды және жауапкершілікті қосымша талап етеді.

Жаңалықтар
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...
04.07.2022
"Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
2022 жылдың 04-05 шілдесінде "Жарылыс-техникалық сараптамасының өзекті мәселелері және дамыту келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семин...
01.07.2022
"Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді
2022 жылғы 29 маусымда "Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі"...
21.06.2022
"Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өткізілді
2022 жылғы маусымның 15-17 күндері "Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу. Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың ана...
08.06.2022
Азия Cот сараптамасы қоғамдастығының онлайн кездесуі өтті
2022 жылғы 7 маусымда  Азия Cот сараптамасы қоғамдастығының (AFSN) тыйым салынған есірткі және токсикология жөніндегі жұмыс тобының онлайн кездес...
02.06.2022
Орталық қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында семинарлар өткізді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының  2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет...
01.06.2022
«Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу –міндет»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет минист...
31.05.2022
Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері студенттерге семинар өткізді
ҚР ӘМ аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 31н бұйрығымен бекітілген ҚР ӘМ 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөн...