Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық

Ғылым мен техниканың дамуы, заманауи қылмыстың жоғары ғылыми-техникалық деңгейі құқыққорғау органдары мен соттардың қызметін сапалы сарапшы қорытындысымен қамтамасыз етуде сот сараптамасының мәнін күшейтеді және сот-сараптамалық қызметті басқару әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді талап етеді.

Бұл ретте, Қазақстандағы сот сараптамасы мемлекеттің құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігі бола отырып, заманауи кезеңде әлемдік тенденцияға сүйеніп ілгері дамып жатқандығын атап өткен жөн.

Әріптестік қарым-қатынас орнату және нығайту арқылы сот сараптама ғылымының заманауи мүмкіндіктерін қолдану, дамыту және кеңейту мемлекет мүддесін, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызды қадам болып саналады.

Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі (Сот сараптамалары орталығы) Армения (2001 ж., 2015 ж., 2019 ж.), Беларусь (2015 ж., 2018 ж.), Грузия (1998 ж.) және Украина (2018 ж.) сияқты елдермен екіжақты әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасы негізінде Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты елдердің өкілдері кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің сот-сараптамалық қызмет жөніндегі жұмыс тобы құрылды (2017 ж.)

2019 жылы Орталық сот сараптамасы саласындағы әлемдегі жетекші қауымдастықтардың бірі болып саналатын және қауымдастық елдерімен тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін Сот сараптамасының азиялық қауымдастығына қосылды (Asian Forensic Science Network).

 

Көпжақты ынтымақтастық

Сот сараптамасының азиялық қауымдастығы - https://www.asianforensic.net.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің сот-сараптамалық қызмет жөніндегі жұмыс тобы - https://www.rus.sectsco.org

Екіжақты ынтымақтастық

Армения Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының Ұлттық сараптама бюросы - http://nbe.am/
Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамасы комитеті - http://sudexpert.gov.by
Леван Самхараули атындағы Ұлттық сот сараптамасы бюросы (Грузия Республикасы) - http://www.expertiza.gov.ge
Құрм.проф. Н.С. Бокариус атындағы Харьков сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты (Украина) - http://www.hniise.gov.ua/
Жаңалықтар
18.01.2022
Сот сараптамалары -зерттеу институты Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің ( IQAA) аккредитеуінен өтті.
2021 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сот...
24.12.2021
Сот сараптамалары орталығының директораты өтті
          2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталы...
21.12.2021
Киберқылмыстарды тергеу бойынша аймақтық практикалық курс өткізілді
2021 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) киберқылмыстарды тергеу бойынша өңірлік практикалық курс өткізілді. А...
15.12.2021
Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты марапаттау
Адами ресурс, кадрлық әлеует – кез келген мемлекеттің негізгі "байлығы". Еңбекке қабілетті адамдардың әлеуетін дамытуға көп көңіл бөлі...
13.12.2021
БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетімен ынтымақтастық
Ағымдағы жылғы 13-14 желтоқсанда Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті ұйымдастырған Медициналық...
22.11.2021
«Е-saraptama» ақпараттық жүйесінің пилоттық режимде іске қосылуының жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы органдарының қызметін автоматтандыруға арналған "Е-Saraptama" ақпараттық жүйесі...
19.11.2021
Nur Otan " партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау
2021 жылдың 22 қазанында "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауымен бірге ҚР Әділет министрі М.Бекетаев азаматтарды қабылдад...
17.11.2021
Дәрілік зат тропикамидті химиялық-токсикологиялық зерттеу
Бұл мақалада химиялық-токсикологиялық зертханада талдауға ұсынылған объектілерден (мәйіт материалынан)  тропикамид дәрілік затын жұқа қабатты хро...
09.11.2021
Сот сарапшыларына аттестаттау жүргізу туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда,...