CADAP 7: есірткіге сұранысты қысқарту бойынша ЕО және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы
Сот сараптамалары орталығының өкілдері А.Ж. 30 қыркүйекте CADAP 7: есірткіге сұранысты қысқарту бойынша ЕО және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы өкілдігі ұйымдастырған сессия жұмысына қатысты.
FIIAPP (Fundación Internacional у P Iberoamerica де Administracion у Políticas Públicas) басқарған жетінші кезеңде (2021-2024) CADAP адам құқықтарына негізделген тәсіл арқылы Орталық Азияда есірткіні қолдануды азайту және барлық іс-әрекеттерге гендерлік перспективаны енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. CADAP Бағдарламасы Еуропалық есірткі және нашақорлық обсерваториясымен (EMCDDA), сондай-ақ PNSD-мен (Испания) бірлесіп жұмыс істейді.
Орталық Азиядағы есірткі бағдарламасы (CADAP) Еуропалық одақ бастамасы болып табылады, ол 2003 жылдан бастап есірткіге сұранысты қысқарту жөніндегі тиімді саясатты дамытуға ықпал етіп келеді.
Кездесуге қатысушылар жаңа психобелсенді заттардың таралу проблемасына байланысты сараптамалық мәселелерді шешуде тәжірибе алмасу мәселесіне ерекше бағытталған ынтымақтастыққа бейімділігін бірауыздан білдірді.