Сот сараптамалары орталығы қайырымдылық акциясын өткізді
“Әз Наурыз” мерекесі қарсаңында ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы “Қайырымды ұлт” іс-шарасы аясында Нұр-сұлтан қаласының кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығында “Шанс” қайырымдылық акциясын өткізді.
Аталған орталық тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және қандай да бір мән-жайлар бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді.
Сот-медициналық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А. Т. Бабыкпаеваның басшылығымен сот сараптамасы орталығының өкілдері “Шанс”орталығының еріктілерімен және қызметкерлерімен кездесті.
Қайырымдылық көмек ретінде қажетті керек-жарақтар әкелінді: жеке гигиена заттары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия және т. б.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, әлеуметтік ұйым қызметкерлері өз проблемалары мен болашаққа жоспарларымен бөлісті, өз қамқорлығындағы балалардың өмірі мен тағдырлары, олардың табыстары мен жетістіктері туралы айтты.
Сот сараптамалары орталығы қажет болған жағдайда “Шанс” орталығының қамқорлығындағы адамдарды психологиялық оңалтуды жүргізу кезінде, сондай-ақ осы адамдарға қатысты сот сараптамалары тағайындалған жағдайларда консультациялық көмек көрсететін болады.