Қолжазба мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша негізделген шешімдер шығаруға ықпал ететін тиімді құралдардың бірі болып табылады. Сараптаманың бұл түрінің негізгі мақсаты-белгілі бір қолжазба мәтінін жазған немесе қолтаңбаны, сандық жазбаны орындаған адамды анықтау.
Қолтаңбатанушы-сарапшы нені зерттейді?
- қолжазба мәтіндерін немесе олардың бөліктерін;
- құжаттар түпнұсқасындағы қолжазбаны қасақана өзгертуге байланысты немесе байланысты емес, жазу үшін әдеттегі немесе ерекше жағдайларда жасалған жазбаларды (әріптік немесе сандық) және қолтаңбаларды.
Қолжазба мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу сараптамасы қандай міндеттерді шешеді?
Сәйкестендірушілік – бұл қолжазба мәтінінің белгілі бір орындаушысының жеке сәйкестігінің, мәтіннің жеке фрагменттерінің, жазбалардың (әріптік немесе сандық) және қолтаңбаның болу немесе болмау фактісін анықтау, сондай-ақ бір немесе әртүрлі тұлғалардың әртүрлі мәтіндерді, мәтіннің жеке фрагменттерін, жазбалар мен қолтаңбаларды орындау фактісін анықтау.
Диагностикалық – бұл орындаушыға әдеттен тыс ішкі (толқу жағдайы, стресс, ауру, алкогольдік мас болу, жасқа байланысты өзгерістер және т.б.) және сыртқы (жазу қолының ыңғайсыз жағдайы, жартылай жату жағдайы, қараңғы бөлме, қозғалатын көлік және т. б.) жазу жағдайларының әсер ету фактісін анықтау бойынша міндеттер.
Жіктеушілік міндеттері орындаушының қолжазбасының белгілі бір жынысқа, жасқа жататындығын анықтаумен байланысты.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО облыстары, Шымкент қ., Жезқазған қ.