"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адам сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және оның объектілерін іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Сот сараптамасын жүргізу мерзімі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, отыз тәуліктен аспауға тиіс. Бұл ретте сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес сот сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асырады.
Сот сараптамасына ерікті түрде тартылатын немесе сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың болу мерзімін ұзарту тәртібі Заңның 47-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды беру үшін қосымша материалдар қажет болған жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптама қызметін осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын сот сарапшысы (сот сарапшылары) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына уәжді өтінішхат жолдайды. Бұл ретте, сот сараптамасын жүргізу тоқтатыла тұрады, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса, сот сараптамасы ұсынылған материалдар көлемінде жүргізіледі не мұндай мүмкін болмаған жағдайда, сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдар оны тағайындаған органға (адамға) орындалмай қайтарылады. Зерттеулер жүргізілгеннен және сарапшының қорытындысы жасалғаннан не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарланғаннан кейін үш тәулік ішінде сот сараптамасының аяқталғаны туралы хабарланады не сарапшының қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама), зерттеу объектілері мен басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беріледі (жіберіледі).
Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігімен расталатын сот сарапшысы біліктілігіне ие болуы, ҚР Әділет министрлігінің комиссияларымен аттестатталған болуы және ҚР Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі тиіс деп айқындалған.
Сот сарапшысы біліктілігін алу үшін үміткер сот сараптамасы органдарында ұзақтығы 12 айға дейінгі арнайы кәсіптік даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсыруы қажет.
Сот-медициналық сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін жоғары медициналық білім алу керек, содан кейін "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша 864 сағат/16 аптаға созылатын қайта даярлаудан өту керек (2014 жылға дейінгі түлектер үшін) немесе "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша резидентурада екі жылдық оқудан өту керек. Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап "Магистратура мамандықтары" Жіктеуішіне "Сот сараптамасы" мамандығы енгізілді. Қазіргі уақытта оқыту М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүргізілуде.
Сондай-ақ, қызметті жеке сот сарапшысы ретінде жүзеге асыру мүмкіндігі бар, бірақ бұл үшін сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу талап етіледі. Жеке сараптамалық қызметті жүзеге асыру құқығын алу үшін белгілі бір мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсыру қажет және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда лицензия алуға болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 276-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 87-бабына және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сот сараптамасының нәтижелері оны тағайындаған органға немесе адамға, яғни сотқа немесе тергеу органдарына ғана беріледі.
Екінші жағынан, ҚР АПК-нің 46-бабының ережелеріне байланысты іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Осыған байланысты, сарапшы қорытындысының көшірмесімен сараптама тағайындаған органға, ол келіп түскен кезде хабарласып танысуға болады.
Зерттеу нысаны, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейі, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін үлгілік сұрақтар тізбесі "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде (www.adilet.gov.kz.) орналастырылған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалған..
ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін сәйкес сот сараптамаларын жүргізуге болады. ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының филиалдарында жүргізілетін сот сараптамаларының түрлері туралы мәліметтер осы жерде орналастырылған, сілтеме "Жүргізілетін сараптамалардың түрлері" бөліміне.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 87-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 280-бабының 2-тармағына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілуіне сараптаманы тағайындаған адам, орган кепілдік береді.
"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға; 3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұруға тиіс.
3. Біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған; 2) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын тиісті мамандықтағы сот сарапшыларынан, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардан уәжді уәжді бас тарту қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргізуден уәжді шеттетілген 3) осы Заңның 62-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.
"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не сот-сараптама қызметін Заңның 19-бабы 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын тұлға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және оның объектілерін іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Сот сараптамасын жүргізу мерзімі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, отыз тәуліктен аспауға тиіс. Сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот-сараптама қызметін Заңның 19-бабы 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелді өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Сот сараптамасына ерікті түрде тартылатын немесе сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың болу мерзімін ұзарту тәртібі Заңның 47-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытынды беру үшін қосымша материалдар қажет болған жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы не сот-сараптама қызметін Заңның 19-бабы 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын сот сарапшысы (сот сарапшылары) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына дәлелді өтінішхат жолдайды. Бұл ретте сот сараптамасын жүргізу тоқтатыла тұрады, бірақ он жұмыс күнінен аспайды.
Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса, сот сараптамасы ұсынылған материалдар көлемінде жүргізіледі не мұндай мүмкін болмаған жағдайда, сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдар оны тағайындаған органға (адамға) орындалмай қайтарылады.
Зерттеулер жүргізілгеннен және сарапшының қорытындысы жасалғаннан не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарланғаннан кейін үш тәулік ішінде сот сараптамасының аяқталғаны туралы хабарланады не сарапшының қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама), зерттеу объектілері және басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беріледі (жіберіледі).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 272-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 82-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу үшін процесті жүргізетін органның қаулысы, ұйғарымы негіз болып табылады.
Бұдан басқа, ҚР ҚПК-нің 122-бабы, 272-бабы қорғаушының шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық ету, сондай-ақ сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сұрау салу жіберу құқығы көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында шарттық негізде сот сараптамасы органында заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде зерттеу жүргізу көзделген. Бұл ретте зерттеуді, бұл жағдайда мамандар ретіндегі сарапшылар ғылыми құралдар мен әдістерді қолдана отырып жүргізеді.
Қызметті өткізу құны Бағалар прейскурантымен белгіленеді, онымен осында танысуға болады сілтеме "Ақылы қызметтер" бөліміне.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларының 10-13-тармақтарына сәйкес сот сарапшылары сот сараптамасын жүргізу кезінде мемлекеттік тізілімге енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
Қылмыстық процесті жүргізетін сот, орган, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процестің өзге де қатысушылары әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы Орталықтың атына жазбаша түрде сұрау салуды ресімдейді.
Орталық сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде Мемлекеттік тізілімнен басшының не оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзінді көшірмені ғана ұсынады.
Осы үзінді қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге де қатысушылардың, сондай-ақ сұрау салуды ресімдеген сот сарапшысының атына жіберіледі.
Сот-сараптамалық зерттеулердің 357 әдістемесімен танысуға қолжетімділік ашық, олар Орталықтың (forensic.gov.kz) сайтында орналастырылған. Негізінен бұл жалпы ғылыми деректерге негізделген сот-экономикалық, тауартану, құрылыс, медициналық сияқты сот сараптамасы бағыттарының әдістемелері.
227 Әдістемеде "Қызмет көрсету үшін" белгісі бар және жалпыға қол жетімділік үшін жабық. Бұл Орталықтың "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңда көзделген міндеттемелері бар әдістемелер.
Бұдан басқа, мұндай әдістемелерде сараптама объектілерін зерттеу алгоритмі, оның ішінде адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке қарсы, Ақпарат және экономикалық қызмет саласындағы және т. б. қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты материалдар бойынша да сипатталады.
Сараптама жүргізу кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронаровирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Сот сараптамасы орталығы "COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай кезінде мәйіттердің сот-медициналық мәйітханаға түсуі кезіндегі іс-қимыл алгоритмін" әзірледі.
Алгоритмге сәйкес мәйітті сот-медициналық мәйітханаға жеткізудің барлық жағдайларында COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін биоматериал (мұрын жолдарынан және мүмкіндігінше жұтқыншақтан жағынды) алу жүргізіледі.
Зорлық-зомбылық және зорлық-зомбылықсыз өлім жағдайында COVID-19-ға ПТР оң нәтиже берген кезде сот-медициналық сарапшысы тергеушіге мәйітті ашпай-ақ сараптама тағайындау және беру туралы қаулының күшін жою туралы мәселені қарау қажеттілігі туралы хат жібереді.
Тергеуші келіспеген жағдайда зерттеу (ашу) барлық профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде жүргізіледі.
Зерттеу нысаны, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейі, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін үлгілік сұрақтар тізбесі "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан – әрі Қағидалар) жазылған. www.adilet.gov.kz.).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 280–бабының 2–тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР АПК) 87-бабының 3-тармағына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған орган (адам) кепілдік береді.
ҚР ҚПК 276-бабына, ҚР АПК 87-бабына және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Сарапшының қорытындысы, зерттеу объектілері және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі.
ҚР ҚПК-нің 286-бабына және ҚР АПК-нің 46-бабына сәйкес іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Осыған байланысты сарапшы қорытындысының көшірмесімен сараптаманы тағайындаған органға жүгіну арқылы танысуға болады.