Портреттік сараптама (габитология) — мақсаты адамды сәйкестендіру немесе оның жеке сипаттамаларын (жынысы, жасы және т.б.) фотосуретке немесе бейнежазбаға түсірілген сырт келбеті бойынша анықтау болып табылатын криминалистік сот сараптамасының түрі. Сарапшы-габитолог нені зерттейді? - тірі адамдар мен мәйіттердің фотосуреттерін; - өзге объектілердегі адамдардың бейнелерін (портреттер, суреттер); - сараптама мәніне қатысты қылмыстық іс материалдарын; - сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерді. Портреттік сараптама қандай жағдайларда қажет? - іздестіріліп жатқан қылмыскердің және күдік тудырған адамның сыртқы келбеті белгілерінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде; - хабар-ошарсыз жоғалған адамның және мәйіттердің немесе тірі адамдардың фотосуреттеріне түсірілген белгілердің ұқсастығын немесе сыртқы келбетінің айырмашылығын анықтау кезінде; - хабар-ошарсыз жоғалған адамның және жасырынған қылмыскердің сыртқы келбетінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде; - әртүрлі тұлғаларға рәсімделген бірнеше құжаттардағы фотосуреттердегі тұлғалардың сыртқы белгілерінің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау кезінде; - танылмаған адамдардың мәйіттерінің жеке басын анықтау кезінде. Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақтөбе. БҚО,Қостанай, Қызылорда Павлодар,СҚО облыстары.
|