Криминалистік бейнефонографиялық зерттеу - бұл материалдық тасымалдағыштарда жазылған дыбыстық ақпаратты қалыптастыру және көрсету заңдылықтарына негізделген фактілер мен жағдайларды анықтау мақсатында дыбыстық ақпаратты зерттеу. Бейнефонографиялық сараптама нені анықтайды? - заңсыз және бұрмаланған фонограммалардың мазмұнын; - фонограммалар негізінде тұлғаның жеке ұқсастығын; - монтаждау белгілерінің болуын/болмауын; - фонограмма жасауда қолданылатын дыбыс жазу құрылғыларының қасиеттерін анықтайды. Бейнефонографиялық сараптама нені зерттейді? Магниттік немесе цифрлық тасымалдағышта жазылған сөйлеу және өзге де дыбыстық ақпарат, сондай-ақ дыбыс жазу құралдары сот фонографиялық сараптамасының объектілері болып табылады. Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы облысы, Ақмола, Атырау, ШҚО, СҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары, Шымкент қ. |