Әйнек, керамика және силикат құрылыс материалдарын сот-сараптамалық зерттеу қандай жағдайларда қажет?
Осы объектілерді өндіру технологиясы, зерттеу құрамы мен әдістері саласындағы арнайы ғылыми білімді пайдалана отырып, сот сараптамасы теориясының жалпы ережелері негізінде зерттелетін оқиғаның нақты деректерін, мән-жайларын анықтау кезінде.
Әйнек, керамика және силикат құрылыс материалдарын сот-сараптамалық зерттеу кезінде не зерттеледі?
Әйнек, керамика, құрылыс материалдары және олардан жасалған бұйымдар, бұйымдардың жекелеген бөліктері, әйнектен, керамикадан және құрылыс материалдарынан заттар алуға арналған шикізат материалы, тасымалдағыш заттағы әйнек, керамика және құрылыс материалдары бөлшектерінің қатпарлану іздері, белгілі бір өнімді алу мен дайындаудың технологиялық процестері сот-сараптамалық зерттеу объектілері болып табылады.
Әйнек, керамика және силикат құрылыс материалдарын сот-сараптамалық зерттеу қандай міндеттерді шешеді?
- зерттелетін объектінің белгілі бір түрдегі немесе топтағы материалға немесе өнімге тиістілігін анықтау, белгілі бір өнімді сәйкестендіру;
- бұзылу себептері мен механизмін, өнімді пайдалану жағдайларын және т.б. анықтау.
|