Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы (ЖКОЖ мен КҚСС) ЖКО тетігімен, көлік құралдарының техникалық жай-күйімен, жол жағдайымен, ЖКО қатысушыларының іс-әрекеттерімен байланысты жол-көлік оқиғасының мән-жайлары туралы нақты деректер кешенін (жиынтығын), сондай-ақ объектілерді (бастапқы деректерді, көлік құралдарын, іс материалдарын) зерттеу жолымен оларды сарапшылардың арнайы ғылыми білімдері негізінде белгілейтін ЖКО туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды қамтиды.
ЖКОЖ мен КҚ сот сараптамасын жүргізу барысында не зерттеледі?
- жол-көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдары (автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер, мотоколяскалар, тракторлар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, велосипедтер, қалалық электр көлігі);
- жол-көлік оқиғасы болған жер-жол-көлік оқиғасы болған жол учаскесі;
- іс материалдары (ЖКО болған жерді қарау хаттамасы);
- оқиға схемасы бар хаттамаға қосымша, ЖКО схемасы;
- көлік құралының техникалық жағдайын тексеру және тексеру хаттамасы; тергеу экспериментінің хаттамасы;
- фото және бейнематериалдар;
- куәлардан, жүргізушілерден және жәбірленушілерден жауап алу хаттамалары.
ЖКОЖ мен КҚСС қандай міндеттерді шешеді?
- ЖКО пайда болу және даму жағдайларын зерттеу;
- ЖКО орнының жағдайын, КҚ қауіпсіздік пен пайдаланудың техникалық нормаларына сәйкестігін зерттеу.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстары, Семей қ., Жезқазған қ.
|