Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеудің міндеттері істің мән-жайларын анықтау, оқиға болған жердегі көлік құралдарының іздерін, көлік құралдарындағы іздерді, көлік құралдарының бөлінген бөліктері мен бөлшектерін зерттеу негізінде оқиғаның механизмін тұтастай немесе оның жеке фазаларын анықтау болып табылады.
Сот-сараптамалық трассалық-трасологиялық зерттеудің мәні сарапшының іздерді зерттеу негізінде белгілейтін мән-жайлар (нақты деректер) болып табылады.
Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу барысында не зерттеледі?
Жол-көлік оқиғасы заттық жағдайының заттары (көлік құралдары және олардың бөлшектері, көлік құралдарының басқа көлік құралдарымен немесе өзге де объектілермен түйіскен өзара іс-қимылының іздері, көлік құралдары дөңгелектерінің (шынжыр табандарының) іздері, зардап шеккендердің киім-кешектері және т.б.), іс материалдары.
Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеулер кезінде қандай міндеттер шешіледі?
- ЖКО-ға қатысқан көлік құралдарының моделін анықтаумен байланысты істің мән-жайларын анықтау (жіктеушілік міндет), оларды сәйкестендіру (сәйкестендірушілік міндеттер);
- оқиға орнында көлік құралдарының іздерін, көлік құралдарындағы іздерді, көлік құралдарының бөлінген бөліктері мен бөлшектерін зерттеу негізінде оқиғаның механизмін тұтастай немесе оның жеке фазаларын анықтау (диагностикалық міндеттер).
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстары, Шымкент қ.
|