Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) болған жердегі жолдың техникалық жағдайын, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу жол-көлік оқиғасына дейін және одан кейін тікелей көлік құралдарының қозғалысы жүретін автомобиль жолының учаскесін, оқиға орнының учаскесін, осы учаскедегі жол жағдайларын, жолмен өзара іс-қимыл жасайтын көлік құралдары элементтерін жол-көлік оқиғасымен байланысты автомобиль жолының және оның элементтерінің құрылыс және пайдалану сапасы, жол жағдайлары мен қоршаған орта, сондай-ақ автомобиль жолымен өзара іс-қимыл жасайтын көлік құралдары элементтерінің конструкциясы мен жай-күйін анықтау мақсатындағы сараптамалық зерттеумен байланысты. ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу жүргізу барысында не зерттеледі? ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот - сараптамалық зерттеу объектісі - оқиға болған жердегі жол учаскесі, оған тікелей жанасатын көлік құралдары қозғалысының учаскелері, жолмен өзара іс-қимыл жасайтын көлік құралдарының элементтері. - жолдың негізгі біліктілік сипаттамаларын белгілеу; - оның құрылымдық элементтерінің техникалық жай-күйін және жол жағдайларын белгілеу; - жолда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулардың пайда болу себептері мен уақытын анықтау.
|