Сот-экономикалық сараптамасының мәні қаржы-шаруашылық операциялары болып табылады. Сот экономикалық сараптамасы шеңберіндегі сараптамалық зерттеу әдісі - ұсынылған қаржы-шаруашылық құжаттарын құжаттамалық бақылау әдісі.
Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:
- қаржы-шаруашылық қызмет субъектілерінің есептік қаржылық көрсеткіштерін белгілеу;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу және талдау;
- баланс баптарын талдау;
- шаруашылық жүргізуші субъектінің Жарғылық қорындағы үлесті белгілеу;
- іс үшін маңызы бар өзге де шаруашылық операцияларын зерттеу.
Осы сараптама аясында келесі мәселелер шешіледі:
- қаржы-шаруашылық қызметтің есептік көрсеткіштері бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келе ме;
- шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында қандай мақсаттарға материалдар мен ақша қаражаттары пайдаланылды.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстары, Семей қ., Шымкент қ.