Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:
- материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін есеп айырысу операцияларын есепке алуда көрсетуді белгілеу;
- ақша қаражаттарын кіріске алуды, есептеуді, төлеуді және есептен шығаруды белгілеу;
- бухгалтерлік есепті жүргізудің бухгалтерлік заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау;
- кассалардағы және банктік шоттардағы ақша қаражаттарымен жүргізілетін операцияларды зерттеу;
- материалдық құндылықтармен жүргізілетін операцияларды зерттеу;
- іс үшін маңызы бар өзге де бухгалтерлік операцияларды зерттеу.
Осы сараптама аясында келесі мәселелер шешіледі:
- зерттеу кезеңі үшін тауарлық-материалдық қорларды және ақша қаражатын кіріске алу және есептен шығару бухгалтерлік есеп құжаттарымен негізделген бе;
- зерттелетін кезеңдегі тауарлық-материалдық қорлардың, ақша қаражатының кем шығуының (артық шығуының) сомасы қандай;
- зерттелетін кезеңдегі ақшалай қаражат берешегінің мөлшері қандай;
- зерттелетін кезеңдегі төлемдер (жалақы, жәрдемақы) бойынша берешектің мөлшері қандай;
- іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де мәселелер.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстары, Семей қ.,Шымкент қ.