Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:
- берілген қарыздың негізгі борышы бойынша берешекті айқындау;
- берілген қарыздың сыйақысы бойынша берешекті айқындау;
- іс үшін маңызы бар өзге де қаржы-кредит операцияларын зерттеу.
Осы сараптама аясында келесі мәселелер шешіледі:
- белгілі бір күнге алынған қарыз бойынша, оның ішінде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешек мөлшерін айқындау;
- белгілі бір кезең үшін қарыз шарты бойынша заңды (жеке) тұлғаға есептелген сыйақы сомасы қандай;
- белгілі бір кезең үшін қарыз шарты бойынша заңды (жеке) тұлға тарапынан негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомасы қандай;
- іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де мәселелер.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, БҚО облыстары, Семей қ.