Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:
- салық және өзге де міндеттемелер шеңберінде бюджет алдында берешектің болуын немесе болмауын анықтау;
- бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын айқындау;
- іс үшін маңызы бар өзге де қаржы-бюджеттік операцияларды зерттеу.
Осы сараптама аясында келесі мәселелер шешіледі:
- бюджетке төленуге жататын салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің (салықтың немесе міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қандай;
- бюджетке төленген/төленбеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салық түрін немесе міндетті төлемді, зерттеу кезеңін көрсете отырып) мөлшері қандай;
- бюджетке төленетін қосымша есептеуге жататын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің (салықтың немесе міндетті төлемнің түрін, зерттеу кезеңін көрсете отырып) сомасы қандай;
- бөлінген бюджет қаражаттарының нысаналы мақсатын айқындау;
- іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де мәселелер.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары, Семей қ., Шымкент қ.