Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі олардың тұтыну және өзге құнына әсер ететін азық-түлік емес тауарлардың негізгі сипаттамалары туралы нақты деректерді және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторларды айқындау үшін жүргізіледі.
Сарапшы-тауартанушы нені зерттейді?
- өнеркәсіптік тауарлар;
- орау;
- таңбалау;
- салыстырмалы үлгі;
- активтің сипаттамалары және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпаратты қамтитын құжат;
- басқа құжаттар.
Сараптама жүргізу кезінде шешілетін міндеттер:
- зерттеуге ұсынылған тауарларды диагностикалау: техникалық параметрлерді, ақаулардың болмауы/болуын, тозу деңгейін анықтау;
- зерттеуге ұсынылған тауарларды жіктеу: белгілі және жалпы қабылданған жіктеулер бойынша сыныпқа, топқа және түрге жатқызу;
- зерттеуге ұсынылған тауарларды сәйкестендіру: үлгіге сәйкестік мәніне салыстырмалы зерттеу, тауартану шеңберінде бүтін бөліктердің тиесілігі тұрғысынан салыстырмалы зерттеу, тауар сипаттамаларының (құннан басқа) тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін айқындау;
- тауардың құндық сипаттамаларын анықтау кезінде шығынды, салыстырмалы және табысты тәсілдерді пайдалана отырып ситуациялық талдау жүргізу.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, БҚО, ШҚО, облыстары, Семей қ., Шымкент қ.