Азық-түлік тауарларын сот тауартану зерттеуі тұтыну және өзге де құнға әсер ететін азық-түлік тауарларының негіз қалаушы сипаттамалары туралы нақты деректерді және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторларды талдау үшін жүргізіледі.
Сарапшы-тауартанушы нені зерттейді?
- азық-түлік тауарларын, орамаларды;
- таңбалауды;
- салыстырмалы үлгіні;
- активтің сипаттамалары және осы сипаттамаларды қалыптастыратын факторлар туралы ақпаратты қамтитын құжатты;
- іс үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдарды.
Сараптама жүргізу кезінде шешілетін міндеттер:
- тауартану шеңберінде зерттеу объектілерін диагностикалау (ақаулардың болмауы/ болуы, объектінің жай–күйі, жарамдылық мерзімі, ұсынылған құжаттарға сәйкес сапаға қойылатын талаптар (физикалық-химиялық көрсеткіштер), мөлшері, салмағы, саны, дозасы);
- зерттеу объектілерін жіктеу (белгілі және жалпы қабылданған жіктеулер бойынша сыныпқа, топқа, түрге жатқызу);
- тауартану шеңберінде зерттеу объектілерін сәйкестендіру (үлгі мен зерттеу объектісінің сәйкестігі мәніне салыстырмалы зерттеу, тауартану шеңберінде объект бөліктерінің тиесілігі тұрғысынан салыстырмалы зерттеу, объект сипаттамаларының (құнынан басқа) тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін айқындау).
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, БҚО, ШҚО, облыстары, Шымкент қ.