Құрылыс-тауартану зерттеулерін жүргізу барысында не зерттеледі?
- жылжымайтын мүлік объектілері: жақсартылған жер учаскелері немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоса алғанда, бос жер учаскелері;
- ішкі инженерлік желілер мен жүйелерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жабдықтарды қоса алғанда ғимараттар мен құрылыстар;
- құрылысы аяқталмаған объектілер - салынып бітпеген жай-күйде болуы салдарынан іс жүзінде пайдаланылмайтын құрылыстар, ғимараттар немесе тарату құрылғылары болып табылады.
- тарату құрылғылары – шығу тегі мен түрі кез келген энергияны, затты, дабылды, ақпаратты және сол сияқтыларды қашықтыққа (электр жеткізу желілері, құбырлар, су құбырлары, жылу және газ желілері, байланыс тораптары және т.б.) жеткізу бойынша арнайы функцияларды орындау үшін жасалған жақсартылған жерлер;
Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі шеңберінде қандай міндеттер шешіледі?
Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуінің шешуіне көбінесе жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтау мәселесі қойылады.
Нарықтық құн - мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, әрекет ететін, бәсекелестік жағдайларында мәміле негізінде осы объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәміленің бағасына қандай да бір төтенше мән-жайлар көрсетілмейтін кезде:
мәміле тараптарының бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға міндетті емес, ал екінші Тарап сатып алуға міндетті емес;
мәміле тараптары мәміленің мәні туралы жақсы хабардар және өз мүдделері үшін әрекет етеді;
мәміле бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылады және қандай да бір тараппен мәміле тараптарына қатысты мәміле жасауға мәжбүрлеу болған жоқ.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Семей қ., Шымкент қ.