Сот-технологиялық сараптамасы қандай-да бір өнімді өндіру процесін, технологияның ерекшеліктерін көрсететін нақты деректерді анықтау үшін жүргізіледі.
Технологиялық зерттеуді жүргізу барысында не зерттеледі?
- материалдар (шикізат);
- жартылай фабрикаттар; бұйымдар (көпшілік тұтынатын және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
- өндіріс қалдықтары;
- дайын өнімнің (жартылай фабрикаттардың) үлгілері;
- механизмдер мен құрылыстар (ғимараттар, технологиялық желілер);
- технологиялық құжаттама (өндірістің технологиялық схемасы, технологиялық есептеулер, маршруттық карталар, графиктер);
- дайын өнімге нормативтік құжаттама (мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар);
- сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын іс материалдары (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар).
Осы зерттеу аясында қандай мәселелер шешіледі?
- шикізатқа (материалдарға), жартылай фабрикаттарға, бұйымдарға қатысты;
- механизмдер мен құрылыстарға (ғимараттар, технологиялық желілер және басқалар) қатысты;
- объектінің бұзылуына әкеп соққан мән-жайларды анықтау үшін.