Сот жарылыс-техникалық сараптамасы жарылғыш құрылғылардың (оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық тиістілігі мен шығу көзін, сондай-ақ жарылыс жағдайларын анықтауға байланысты істің мән-жайларын анықтау үшін жүргізіледі.
Сот-техникалық сараптамасының міндеттері:
- жарылыс фактісін анықтау;
- шахталар мен кеніштердегі, технологиялық процестердің, сондай-ақ қазандық жабдықтарының бұзылуымен байланысты объектілердегі жарылыстарды қоспағанда, жарылыстың техникалық себептерін анықтау.
Жару-техникалық сараптамсы нені зерттейді?
- артиллериялық, инженерлік және жаяу әскердің жарылғыш әрекеті бар штаттық оқ-дәрілерді (миналар, гранаталар, бомбалар) және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды;
- жару құралдарын;
- жарылғыш заттарды (әскери, өнеркәсіптік немесе әмбебап мақсаттағы), оқ-дәріні, пиротехникалық құралдар және пиротехникалық қоспаларды;
- жарылыс іздерін: (жарылыс өнімдерін, жарылған оқ-дәрілердің және/немесе қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың фрагменттерін, жарылыс әсеріне ұшыраған оқиға орнындағы шынайы қалып объектілері);
- бу, шаң және газ ауа қоспалары түзілуі мүмкін үй-жайлардың көлемі;
- жарылыстардың барлық түрлері туралы істер бойынша оқиға орындары;
- сараптама мәніне қатысты қылмыстық іс материалдары;
- сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер.
Ескертпе: сараптамаға оқпан арнасы арқылы өткен артиллериялық снарядтар, оқталған жарғыштары бар жарылмаған оқ-дәрілер және басқалары, яғни қауіптілігі жоғары снарядтар қабылданбайды.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, облыстары.