15.1 Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеуі зерттеудің осы түрінің объектілерінің қасиеттерін, ерекшеліктерін, дайындау технологиясын айқындау мақсатында биология, химия және басқа да ғылымдардың сот сараптамасы саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректерді (фактілер мен мән-жайларды) анықтау үшін жүргізіледі.

Зерттеудің осы түрінің объектілері не?

- қарасора өсімдіктерінен (марихуана, гашиш, ұнтақтар, шайырлар, сығындылар мен тұнбалар түріндегі канабис) алынатын үй жағдайында өндірілген есірткі құралдары;

- көкнәр өсімдіктерінен (апиын, апиын сығындылары, көкнәр сабаны, көкнәр сабанының концентраты, апиын тұнбалары және т.б.) алынатын үй жағдайында өндірілген есірткі құралдары;

- эфедралар (эфедрон);

- қарасора, көкнәр, эфедра өсімдіктерінің тұтас немесе ұнтақталған бөліктері;

- жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткі құралдары немесе психотроптық заттар (героин, амфетамин және оның туындылары);

- зауытта дайындалған немесе дәріхана желісінде дайындалған, құрамында есірткі құралдары немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар;

- есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың аналогтары;

- дайындау, буып-түю, пайдалану, сақтау, тасымалдау кезінде пайдаланылатын әртүрлі тасымалдағыш-заттардағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың микроқабатталуы;

- құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың болуы болжанатын табиғаты белгіленбеген заттар.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу мынадай міндеттерді шешеді:

- белгісіз заттың табиғатын анықтау және оны есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың белгілі бір түріне жатқызу;

- әртүрлі тасымалдағыш заттарда есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың іздерін табу;

- зерттелетін объектілердің шикізат белгілері, дайындау технологиясы, сақтау шарттары және тағы басқа белгілері бойынша жалпы топтық тиістілігін анықтау;

- оларды дайындау немесе өндіру орны мен тәсілі бойынша зерттеу объектілерінің жалпы шығу көзін анықтау;

- есірткі құралдарын қолдан өндірудің тәсілін, технологиясын және өзге де сипаттамаларын анықтау;

- зерттелетін оқиғаға байланысты зерттеу объектісінің уақыттық және кеңістіктік байланыстарын анықтау.

Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері:  Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.

Жаңалықтар
14.12.2022
Астана қаласында Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
14 желтоқсан күні сағат 12.00-де ҚР Әділет министрі Қ.С.Мусин, ІІМ Ахметжанов Марат Мұратұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайла...
10.11.2022
БҰҰ өңірлік бағдарламасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті
Астана қаласында 2022 жылғы 8-9 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өкілдері Ауғанстан...
19.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ. С. Мусин сот-медициналық, психиатриялық, наркологиялық сараптамалардың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, Сот сараптамалары орталығының, Астана қаласы бойы...
07.10.2022
Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі іст...
30.09.2022
Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі  Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомство...
26.09.2022
«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онла...
12.09.2022
Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазб...
25.08.2022
Сот сарапшылары Жапония делегациясымен кездесу өткізді
2022 жылғы 25 тамызда Жапония Елшілігінде Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу...
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...