Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі зерттелетін оқиғамен байланысты жануарлардан алынатын объектілердің қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу мақсатында зоология, биология, жаратылыстану-техникалық ғылымдарының әртүрлі салалары саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде белгіленетін нақты деректерді, істердің мән-жайларын анықтау үшін жүргізіледі.
Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу объектілері: әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған тірі организмдер – бір жасушалы организмдер, биологиялық қауымдастықтар, жануарлар немесе олардың жекелеген бөліктері, жануарлар тіршілігінің өнімдері, жануарлар шикізатын қайта өңдеу өнімдері, жануарлар мекендейтін орта болып табылады.
Сараптамалық зерттеудің осы түрінің міндеттері:
- зерттелетін жануар тектес объектінің табиғатын анықтауға және оны белгілі бір таксономиялық топқа жатқызу (отряд, отбасы, тегі, түрі);
- салыстырылатын объектілердің жалпы тектік, топтық тиістілігін анықтауға;
- салыстырылатын объектілердің ортақ немесе бірыңғай (нақты) шығу көзіне тиістілігін анықтауға;
- зерттелетін объектінің (бөлінген бөліктің) жануар текті нақты объектіге тиістілігін (яғни объект бөлігінің тұтас объектіге тиістілігін) анықтауға;
- қылмыс объектісі мен оқиғасы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға;
- зерттелетін объектінің зерттелетін оқиғамен уақытша байланысын анықтауға байланысты жағдайлар болып табылады.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, облыстары.