Сот молекуларлық-генетикалық сараптамасы нақты адамды сәйкестендіру немесе шығу тегінің (биологиялық туыстықтың) биологиялық ортақтығын айқындау мақсатында биология және криминалистика саласындағы арнайы ғылыми білім негізінде анықталатын адам геномының ДНҚ полиморфты генетикалық белгілерінің нақты деректерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Молекуларлық-генетикалық сараптама объектілері:
- сұйық және кептірілген түрдегі қан, оның ішінде киімнің және шынайы қалыптың әртүрлі заттарындағы қан дақтары; ұрық, оның ішінде аралас биоқабаттанулар құрамында;
- бұлшықет тіні және басқа ішкі ағзалардың тіндері (бауыр, жүрек, өкпе, шеміршек тіні және т.б.);
- сүйек тіні;
- шаш, түбінің буылтығымен; тырнақ тілімдері;
- терімай терлері және т.б.;
- алдын-ала белгілі адамдардың қанының, буккальды эпителийінің салыстырмалы үлгілері;
- сараптама тақырыбына қатысты қылмыстық іс материалдары: оқиға болған жерді қарау хаттамасы, үлгілерді алу хаттамасы, мәйітті сот-медициналық сараптау немесе тірі адамды куәландыру қорытындысы және қойылған мәселелерді шешу үшін маңызы болуы мүмкін басқа да материалдар.
Молекуларлық-генетикалық зерттеу кезінде мынадай міндеттер шешіледі:
- объектілердің молекулалық-генетикалық зерттеуге жарамдылығын анықтау;
- биологиялық текті объектілердің (қан, шәует, сілекей және басқалары) тасымалдаушы заттарда болуын, олардың түрлік (адам немесе жануар) және топтық (қан тобы) тиістілігін анықтау;
- зерттелетін гипервариабельді локустар (ДНК учаскелері) бойынша адамның геномдық бейінін анықтау;
- генетикалық паспортын жасау;
- жеке басын сәйкестендіру (танылмаған қалдықтардан);
- заттай дәлелдемелердегі биологиялық іздерді тікелей сәйкестендіру;
- балалардың даулы шығу тегі туралы істер бойынша баланың шынайы ата-аналарын анықтау (әкесі болуды, анасы болуды немесе балаларды ауыстыруды даулау); тек бір ата-анасы болған кезде сараптамалық зерттеу жүргізу;
- егіздердің зиготалығын анықтау;
- тірі туыстары бойынша генетикалық бейінін қалпына келтіру.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, СҚО облыстары, Шымкент қ.