18.1 Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

Психологиялық-криминалистикалық сот сараптамасы - бұл адам психикасының қасиеттерін, ондағы болып жатқан психикалық процестерді көрсететін белгілердің пайда болу, жұмыс істеу, өзгеру заңдылықтарына негізделген, дәлелденуге жататын жеке жағдайларды анықтауға қызмет ететін әрі өздері қылмыстық және азаматтық істер бойынша маңызы бар нақты деректерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтауға бағытталған практикалық білім саласы.

Психологиялық-криминалистикалық сараптама объектілеріне:

- әртүрлі техникалық құралдардың көмегімен: тергеу әрекеттері (жауап алу, айғақтарды орнында тексеру, көзбе-көз беттестіру және тағы басқа), сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттері кезінде адамның физиологиялық және психологиялық (эмоционалдық, зияткерлік, ерік-жігерлік) жай-күйін көрсететін ақпарат; оның жай-күйінің белгілі бір өзгеруіне әкеп соғатын ақпарат (эротика, порнография, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттау) түсірілген заттар жатады.

Психологиялық-криминалистикалық сараптама шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі:

- оның психоэмоционалдық, интеллектуалдық-ерік жай-күйін өзгерту мақсатында тергеу іс-әрекеттерін (жауап алу, айғақтарды орнында тексеру, көзбе-көз беттестіру) және жедел бейнежазбаларды жүргізу кезінде адамға әсер ету фактісін әртүрлі құралдармен анықтау;

- тергеу іс-әрекеттерін, жасырын тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде адамның психоэмоционалдық, зияткерлік-ерік жай-күйін анықтау;

- объектілерде - заттай дәлелдемелерде (бейнефильмдерде, баспа жұмыстарында, графикалық файлдарда, репродукцияларда, фотосуреттерде) осы объектілерді қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын порнографиялық (эротикалық) объектілерге жатқызуға мүмкіндік беретін белгілер кешенінің болуын анықтау.

Мыналар сот психологиялық-криминалистикалық сараптамасының тікелей зерттеу объектілері болып табылады:

1) мағыналық мазмұны адамның жай-күйін өзгертетін объектілер;

2) мазмұны адамның өзі жасаған не оған қатысты белгілі бір әрекеттер жасаған кездегі жай-күйін, оның жай-күйінің өзгеру процесі мен фактісін көрсететін объектілер;

3) қосымша объектілер: қылмыстық (азаматтық) іс материалдары; жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларының, стенограммаларының көшірмелері; бұрын оның психологиялық жай – күйін анықтау қажет болған адамға қатысты жүргізілген сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-психологиялық сараптамалардың, сот наркологиялық сараптамалардың көшірмелері.

Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері:  Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Қарағанды, Павлодар, ШҚО, СҚО облыстары, Шымкент қ.

Жаңалықтар
14.12.2022
Астана қаласында Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
14 желтоқсан күні сағат 12.00-де ҚР Әділет министрі Қ.С.Мусин, ІІМ Ахметжанов Марат Мұратұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайла...
10.11.2022
БҰҰ өңірлік бағдарламасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті
Астана қаласында 2022 жылғы 8-9 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өкілдері Ауғанстан...
19.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ. С. Мусин сот-медициналық, психиатриялық, наркологиялық сараптамалардың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, Сот сараптамалары орталығының, Астана қаласы бойы...
07.10.2022
Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі іст...
30.09.2022
Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі  Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомство...
26.09.2022
«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онла...
12.09.2022
Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазб...
25.08.2022
Сот сарапшылары Жапония делегациясымен кездесу өткізді
2022 жылғы 25 тамызда Жапония Елшілігінде Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу...
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...