Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы - ауызша және/немесе жазбаша сөйлеу құралдары арқылы әр түрлі хабарламаларды қалыптастыру мен жіберудегі автордың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативті өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау мақсатында әр түрлі текті мәтіндік материалдардың нысаны мен мағыналық мазмұнын зерттеуге бағытталған практикалық қызмет саласы.
Сараптаманың осы түрінің объектілері болып мыналар табылады:
- мәтіндер;
- сөйлеген сөздер;
- дискурс.
Психологиялық-филологиялық сараптаманың тікелей объектілері:
- заманауи полиграфия құралдарының көмегімен басылған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникация мәтіндері: кітаптар, брошюралар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; нақты бір адамға не адамдар тобына жолданған, үнпарақтар, плакаттар және т. б. нысанында орындалған хабарламалар; әртүрлі аудио-,бейнежазбалар;
- дербес компьютерлер жадында, компакт-дискілерде, флеш-карталарда, басқа да электрондық тасымалдағыштарда бар, сондай-ақ Интернет желісінің беттеріндегі мәтіндік файлдар және/немесе олардың басып шығарылғаны;
- ауызша немесе жазбаша сөйлеу құралдарымен (хаттар, сөз сөйлеулер, аудио-,бейнежазбалар) орындалған, сондай-ақ әртүрлі техникалық құралдардың көмегімен (телефон арқылы сөйлесулер) жанама түрде орындалған нақты тұлғаға жеке жүгінулер;
- белгілі бір даулы жағдайда анық еместікпен сипатталатын жеке сөз сөйлеу конструкциялары және/немесе айтылымдар.
Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының міндеттері:
- мәтіннің, сөйлеудің жалпы бағытын, олардың сипаттамасын анықтау;
- жеке авторлық ұстанымды жеткізудің жалпыға қол жетімділігі тұрғысынан баяндау нысанын, мәтінде жасырын, жанама мағынаның болуы/болмауын анықтау;
- зерттелетін объектілерді баяндау стилін айқындау, нормативтік емес сөздерді, сондай-ақ жеке тұлғаның ар-намысын қорлауға және қадір-қасиетін төмендетуге бағытталған теріс мәліметтерді пайдалану;
- лексемалардың, сондай-ақ сөйлеу құрылымдарының қазақ, орыс тілінің нормаларына сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау;
- сөзбен жүгінуді мазмұндаудың қолданылатын нысанын және сипатын; сөйлеу дағдыларын пайдалану дәрежесін: грамматикалық, стилистикалық, синтаксистік және т. б. зерделеу;
- ұсынылған материалдардың адамның (адамдар тобының).
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, СҚО, Қостанай, облыстары,. Шымкент қ., Семей қ.