Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу жол-көлік оқиғалары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізу кезінде жүргізіледі.
Сараптама объектілері болып:
- жүргізушінің жеке басы, оның көлік құралын басқару бойынша психикалық қызметі, ЖКО-мен себептік байланыста болуы мүмкін жүргізушінің психикалық жай-күйі, процестері, қасиеттері, функциялары;
- ЖКО орны;
- ЖКО алдында және кезінде жүргізуші қызметінің шарттары;
- ЖКО мән-жайлары туралы психологиялық сипаттағы ақпаратты қамтитын материалдар, сараптама нысанасына қатысты істің өзге де материалдары табылады.
Сот-психофизиологиялық сараптамасы қандай мән-жайларды анықтайды?
- тікелей ЖКО алдындағы және ЖКО жасау сәтіндегі жүргізуші қызметінің ерекшеліктері (ЖКО-мен себептік байланысы бар жүргізушінің міндеттері, уәждері, іс-әрекеттері және операциялары, сондай-ақ олардың жалпы психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкестігі);
- тексеру сәтіндегі жүргізушінің көру арқылы қабылдауы мен реакциясының жеке ерекшеліктері;
- ЖКО қатысы бар жүргізушінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері;
- апаттың туындауына ықпал етуі мүмкін болған психологиялық сипаттағы құбылыстар.