Гендік түрлендірілген организмдердің сот сараптамасы нақты уақыт режимінде (RealTimePCR) детекциялау арқылы полимеразды тізбекті реакция әдісін (%-бен) пайдалана отырып, рекомбинантты ДНҚ сәйкестендіруге негізделген тамақ өнімдеріндегі өсімдік тектес гендік түрлендірілген көздердің сандық құрамын анықтау, генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің әлемдік және ішкі азық-түлік нарықтарында неғұрлым жиі кездесетін генетикалық конструкцияларын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қарастыратын сараптама мынадай сараптамалық міндеттерді шешеді:
- тамақ өнімінен түрлендірілген ДНҚ бөліп алу;
- нақты уақыт режимінде тамақ өнімінен бөлінген түрлендірілген ДНҚ детекция жүргізу;
- ұсынылған тамақ өніміндегі генетикалық түрлендірілген көздердің (ГТК) пайыздық құрамын анықтау;
- ҚР сату үшін рұқсат етілген және рұқсат етілмеген өнімдерді анықтау мақсатында зерттелетін өнімді өндіру кезінде пайдаланылған нақты ГТК анықтау;
- өнімді таңбалау туралы мәселені шешу мақсатында тамақ өніміндегі ГТК сандық құрамын анықтау.
Зерттеу объектілері болып табылады:
- құрамында гендік түрлендірілген организмдер болуы мүмкін тамақ өнімдері;
- ГТК таңбалануы және нақты ГТК тағам өнімдеріндегі сандық құрамы туралы мәліметтерді қамтитын техникалық құжаттама;
- құрамында ГТК бар, іріктеу немесе бақылау мақсатында сатып алу кезінде алынған тамақ өнімдерінің үлгілері;
- ГТК жоқ тамақ өнімдерінің салыстырмалы үлгілері, сондай-ақ гендік мутацияға ұшырамаған организмдердің үлгілері;
- қылмыстық немесе азаматтық іс материалдары: оқиға болған жерді қарау, құрамында ГТК бар тамақ өнімдерін алып қою хаттамалары, сондай-ақ қойылған мәселелерді шешу үшін маңызы болуы мүмкін өзге