Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу шеңберінде анықталатын мән-жайлар:
- діни сипаттағы объектілердің мазмұнында діни экстремизм, терроризм белгілерінің болуын немесе болмауын анықтау және оларда дәлелдемелік маңызы бар ақпарат ретінде анықталған төзімсіздік және шақыру белгілерін бағалау.
Сот дінтанушылық сараптамасы мазмұнында діни экстремизм және терроризм белгілері - қызмет субъектілеріне тән менталитеттің сипаттамалары:
- қызметі (оның түрі, типі, сипаты, бағыты, ауқымы, әлеуметтік мақсаты);
- іс-әрекеттері (зерделеу объектісінде көрсетілген оқиғаларға қатысатын нақты субъектілердің азаматтық және саяси мінез-құлқы) бар объектілерді зерттеу үшін жүргізіледі.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., ШҚО, Шымкент қ., Семей қ.