22.1 Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу

Теміржол көлігінің сот сараптамасы кешенді болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептерін анықтауға байланысты сараптамалық зерттеулер мен сынақтар. Оқиға орнын қарап шығуды сот сараптамасын тағайындаған орган, бұл ретте сот сараптамасын жүргізудің бүкіл кезеңі ішінде апаттың, аварияның себептері мен мән-жайларын анықтау кезінде маңызы болуы мүмкін жолдың жоғарғы құрылымы материалдарының, жылжымалы құрам бөлшектерінің және басқа да объектілердің барынша сақталуын қамтамасыз ете отырып, уақтылы ұйымдастырады.

Сот сараптамасының объектілері:

- поездардың вагондары, локомотивтері, вагонның, локомотивтің, платформаның жекелеген тораптары және сол сияқтылар;

- поездың апатқа ұшырауына дейінгі қозғалысымен байланысты құрылғылар (дабыл беру, бұғаттау, орталықтандыру құрылғылары, бағыттамалар және сол сияқтылар);

- жолға тікелей іргелес жатқан аумақ аймақтары;

- апат болған жермен аумақтық байланысы жоқ объектілер (өту бағдаршамдары, жақын станциялардағы қозғалысты басқару және бақылау құрылғылары, энергиямен жабдықтау құрылғылары);

- поездар диспетчерінің поездар қозғалысына қатысушы басқа да қызметкерлермен келіссөздерінің аудиожазбалары;

- локомотивтің жылдамдық өлшеу таспасының шифрын ашу нәтижелері;

- поездың анықтама қағазы, ВУ-45 нысанындағы анықтама;

- локомотивтің техникалық жағдайының журналы;

- жылжымалы құрамның рельстен шығып кету іздері көрсетілген және локомотив пен жекелеген вагондардың шығып кетуінің басы мен тоқтау орнын километр мен пикеттерге байланыстыра отырып, оның жолды бұзу және орналасу схемасы;

- апат немесе аварияның, зақымданған жолдың, жылжымалы құрам зардаптарының, жолда табылған бөтен заттардың, сынған бөлшектердің, дұрыс тиелмеген вагондардың, жабылған шеткі крандардың, локомотивті басқару органдарының және басқалардың жағдайларының жалпы көріністерінің актілері және фотокестелері;

- оқиғаға қатысы бар адамдардың, сондай-ақ басқа да қызметкерлердің жазбаша түсініктемелері, апаттың немесе аварияның себебін анықтау үшін қажет болуы мүмкін куәліктері;

- жол өлшегіш вагондардың ленталарын қоса тіркей отырып жолды жол өлшегіш және дефектоскоптық құралдармен соңғы тексеру, сондай-ақ жолды заттай тексеру нәтижелері туралы ПУ-28 және ПУ-29 кітаптарындағы жазбалардың нәтижелері туралы анықтамалар;

- жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы акт;

- апат (авария) кезіндегі ауа райы жағдайлары туралы ақпарат.

Сараптама шеңберінде шешілетін міндеттер:

- қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайларды анықтау;

- қозғалыс қауіпсіздігін бұзу себептерін анықтау;

- қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу бойынша технологиялық, профилактикалық жұмыстарды жүргізудегі кемшіліктерді анықтау;

- қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алуға арналған техникалық құралдардың жай-күйін, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану нәтижелерін анықтау.

Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері:  Алматы қ., Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстары.

Жаңалықтар
14.12.2022
Астана қаласында Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
14 желтоқсан күні сағат 12.00-де ҚР Әділет министрі Қ.С.Мусин, ІІМ Ахметжанов Марат Мұратұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайла...
10.11.2022
БҰҰ өңірлік бағдарламасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті
Астана қаласында 2022 жылғы 8-9 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өкілдері Ауғанстан...
19.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ. С. Мусин сот-медициналық, психиатриялық, наркологиялық сараптамалардың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, Сот сараптамалары орталығының, Астана қаласы бойы...
07.10.2022
Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі іст...
30.09.2022
Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі  Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомство...
26.09.2022
«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онла...
12.09.2022
Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазб...
25.08.2022
Сот сарапшылары Жапония делегациясымен кездесу өткізді
2022 жылғы 25 тамызда Жапония Елшілігінде Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу...
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...