Сот-медициналық сараптамасын құзыретіне мыналар кіретін сот-медициналық сарапшысы (бұдан әрі - сарапшы) жүзеге асырады:
- зорлықпен өлтірілген жағдайлардағы мәйіттің сараптамасын;
-күш қолдануға күдік болған кезде немесе мәйітті сот-медициналық тәртіппен зерттеу қажеттілігін туындататын мән-жайлар болған кездегі мәйіттің сараптамасын;
- денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жасын, жыныстық жағдайын және сот медицинасы саласындағы ілімді талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сараптамасын;
- зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, заттай дәлелдемелердің сараптамасын;
- тергеуге дейінгі тексеру, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша, сондай-ақ жеке айыптау істерінің материалдары бойынша сараптаманы.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.