Медициналық-криминалистикалық зерттеулердің мақсаты жалпы сот медицинасы саласындағы білімдерден басқа, криминалистикалық сәйкестендіру саласында арнайы ғылыми танымдар және зерттеудің әртүрлі арнайы зертханалық әдістерін (физикалық, фотографиялық, техникалық, химиялық, математикалық) қолдану талап етілетін фактілерді анықтау және бағалау болып табылады.
Сот-медициналық зертханалардың медициналық-криминалистикалық бөлімшелерінде сот-медициналық зерттеулердің мынадай түрлері жүргізіледі:
- трасологиялық;
- баллистикалық;
- жеке басын сәйкестендіру;
- микрологиялық (микрообъектілер мен зат іздерінің сараптамасы);
- оқиғаларды қайта құру (ситуациялық сараптамалар).
Медициналық-криминалистикалық зерттеулер жүргізу кезінде не зерттеледі?
адам денесіне енгіздіру іздері мен өткір және тұқыл заттардың киіммен және адам денесімен механикалық өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған киімдегі іздер, қан кету, материалдардың заттары мен бөлшектерін өзара әрекеттесетін бір беттен екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ дене жарақаттарына әкеп соғатын химиялық, термиялық және басқа факторлардың әсерінен пайда болған шығу тегі бойынша солармен байланысты ұқсас іздері;
адам денесінің зақымдануы және жарылу жарақаты нәтижесінде пайда болған киімнің зақымдануының бірыңғай механизмімен байланысты, жарылыстан зақымдану барысында денеде және киімде пайда болатын басқа да іздер, олардың көріністері және жару құрылғыларының немесе олардың құрамдас бөліктерінің үлгілері;
мәйіт өзгерістерінің кез келген сатысындағы адамдардың танылмаған мәйіттерінен, бөлшектелген мәйіттерден алынған дене бөліктері мен басқа да объектілер, дененің мүшеленіп бөлінген бөліктері, қаңқаланған мәйіттер, қаңқалардың бөліктері, жекелеген сүйектер, сүйек фрагменттері, сүйекке ұқсас объектілер, мәйіттерді өртеу орнынан алынған күлдер;
танылмаған мәйіттердің, олардың бөліктерінің, сүйек қалдықтарының ерекшеліктерін сипаттайтын, табылған жерінде қарап шығу кезінде және сот-медициналық сараптамасын жүргізу процесінде алынған олардың сөз-сөйлеу, антропометриялық, морфологиялық, графикалық, көлемдік, фотографиялық, рентгенографиялық және басқа да модельдері түрінде құжатталған белгілер;
адамдардың мәйіттерінің зақымдалған тіндеріндегі және пайда болу механизмі бойынша дене жарақаттарымен байланысты киімдегі іздердегі микробөлшектер мен микроіздер;
спектрлік зертханада, сот-биологиялық, сот-гистологиялық, химиялық-токсикологиялық бөлімшелерде зерттеу жүргізу үшін микрокөлемдерде алынған объектілер;
қылмыстық (іздестіру) істе және медициналық құжаттарда тіркелген бұрын жүргізілген микроологиялық зерттеулер туралы, мәйітті оның табылған жерінде сот-медициналық зерттеу нәтижелері туралы және сараптамаға жіберілетін басқа да объектілер туралы мәліметтер.
аяқталған қылмыстық істердің, сот-медициналық және криминалистикалық сараптамалардың материалдары;
ахуалдық сараптамаларды жүргізу кезеңінде орындалған тергеу және сараптамалық эксперименттердің материалдары;
тірі адамдар - зерделенетін оқиғалардың нақты қатысушылары және ситуациялық талдау үшін маңызы бар мән-жайларды қайта құру үшін тартылатын статистер.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.