Химиялық-токсикологиялық сараптаманың (зерттеудің) мақсаты токсикологиялық химия саласында арнайы ғылыми танымдарды талап ететін объектілерді (заттай дәлелдемелерді, үлгілерді) химиялық зерттеу болып табылады.
Химиялық-токсикологиялық зерттеу объектілері: адамдар мәйіттерінің ішкі органдары, биологиялық сұйықтықтар және адам денесінен бөлінулер, іс бойынша өтіп жатқан химиялық-токсикологиялық зерттеуді талап ететін басқа да объектілер болып табылады.
Мәйіттің сот-медициналық сараптамасын жүргізу шеңберінде мәйіттік материалға химиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізу кезінде әрбір жіберілген объектінің үшінші (көлемді, салмақты) бөлігі зерттеу басталған күні бөлініп алынады және сот сараптамасы органдарында Сот сараптамалары мен зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының ережелеріне сәйкес мерзімі мен шарттары бойынша ықтимал қайталама немесе қосымша сараптама (зерттеу) үшін сақталады.
Объектілер сараптаманың (зерттеудің) бүкіл уақыты бойы олардың сақталуын және одан әрі пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда болады.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.