Күзетпен ұсталатын адамдарға қатысты сот-наркологиялық сараптамасы аталған адамдар орналасқан жерлерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары), сондай-ақ зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар болған кезде сарапшының кабинетінде жүргізіледі.
Сот-наркологиялық сараптамасы амбулаторлық жағдайда жүргізіледі. Сот-наркологиялық сараптамасын жүргізу барысында психикалық аурулардың бар-жоғы туралы деректер анықталған кезде сарапшы қойылған сұрақтарға жауап берумен қатар, қорытындыда сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу қажеттігін көрсетеді.
Сот-наркологиялық сараптамасын жүргізу барысында зертханалық (организмнің биологиялық ортасын (зәр, қан) психобелсенді заттардың бар-жоғын зерттеу, сондай-ақ қатаң медициналық көрсеткіштер бойынша (жазаны одан әрі өтеу орны бойынша мәжбүрлеп емдеу туралы шешім қолданылуы мүмкін адамдарға қатысты) - қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қанның микрореакциясы және басқалар) және аспаптық (құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу, бас мидың компьютерлік томографиясы, кеуде қуысы ағзаларын рентгендік зерттеу және басқалар) әдістер қолданылады.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.