Сот-психиатриялық сараптамасы амбулаторлық және стационарлық жағдайларда жүргізіледі. Егер сарапшылар, амбулаториялық жағдайларда жүргізілген сот-психиатриялық сараптамасының нәтижесінде неғұрлым ұзақ және егжей-тегжейлі байқау қажеттігі салдарынан қойылған сұрақтарға жауап бере алмаса, олар стационарлық жағдайларда сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу туралы ұсынымдар береді.
Сот-психиатриялық сараптамасын құрамында кемінде екі сарапшы бар комиссия жүргізеді, ал адамның ақыл-есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу үшін құрамында кемінде үш сарапшы бар комиссия тағайындалады.
Сарапшылардың қорытындысында анамнестикалық мәліметтер бұрынғыдан қазіргіге қарай хронологиялық тізбектілікпен жиналады. Анамнестік мәліметтер схемасы туылған сәттен бастап сот-психиатриялық сараптама жүргізу басталғанға дейінгі өмір оқиғаларын көрсетеді және еңбек, отбасылық, сексуалдық, некелік, әлеуметтік (оның ішінде криминалдық) анамнезді қамтиды.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Жезқазған қ., Семей қ., Шымкент қ.