Сот-психологиялық сараптамасы - істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша қорытынды алу мақсатында психология саласындағы арнайы танымдар негізінде сарапшы жүзеге асыратын зерттеу.
Бұл, жақсы білетін адамның (сарапшы-психологтың) тергеушінің немесе соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша белгілі бір нысанда іс үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау және қорытынды беру мақсатында оған ұсынылған сараптамалық материалдарды зерттеуден тұратын белгілі бір процессуалдық әрекет.
Көрсетілген сараптама түрлері жүргізілетін аумақтық бөлімшелері: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, СҚО Түркістан облыстары, Шымкент қ.