Онлайн-форматта Zoom платформасында "Сот сараптамасын жүргізу кезінде IT технологияларды пайдалану/Сот сараптамасы кезінде цифрлық бейнені криминалистикалық талдау" тақырыбында Орталықтың сот сарапшыларының біліктілігін арттыруға арналған оқыту тренингі өтті» 2020 жылғы 13-14 тамыз аралығында ZOOM платформасы арқылы онлайн - форматта "Сот сараптамасын жүргізу кезінде IT технологияларды пайдалану/сот сараптамасы кезінде цифрлық бейнені криминалистикалық талдау" тақырыбында сот сарапшыларының біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Бұл курс "Қазақстан Республикасында сот сараптамасын нығайту" жобасы аясында ұйымдастырылды.Бұл курстың мақсаты сараптаманың жаңа түрін енгізу және сарапшыларды сот сараптамасында АТ-технологияларды қолданудың соңғы әдістеріне, атап айтқанда цифрлық бейнені сот-сараптамалық талдауға үйрету болып табылады. 2 күндік оқыту тренингіне Сот сараптамалары орталығының барлық аумақтық бөлімшелерінен барлық компьютерлік сарапшылар қатысты. Курсты "Law Enforcement and Emergency Services Video Association International, Inc." (АҚШ - Техас) ұйымы жүргізді. Ол 1989 жылы құрылған, бейне сот-криминалистикалық сараптамасы саласында бүкіл әлемге танылған оқытуды және сертификаттауды қамтамасыз ететін коммерциялық емес корпорация болып табылады.