Ү.ж. 02 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта Ғылыми-әдістемелік және Ғылыми кеңестердің бірлескен отырысы өтті. Отырыс шешімімен 5 әдістемелік ұсынымдар қабылданып, бекітілді. Бұдан басқа, сараптамалар мен зерттеулердің кешенді түрлерін бөлу мүмкіндігі туралы мәселелер қаралды: 1) сот бейнефонографиялық сараптамасы: "Сот-сараптамалық фонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталатын сөйлеуді спектрлік (аспаптық) зерттеу"; 2) Сот-сараптамалық фонографиялық зерттеу. 3) "Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу"; 4) "Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу"; 5) "Діни сипаттағы объектілерді сот-сараптамалық дінтану-саясаттану зерттеуі", сондай-ақ сараптаманың жаңа түрін "Сот-лингвистикалық/филологиялық сараптамасын" бөліп алу және құру мүмкіндігі туралы мәселені шешу.