2020 жылғы 30 қазанда АҚШ Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің (бұдан әрі – Елшілік) бастамасымен Сот сараптамалары орталығы өкілдерінің Елшілік өкілдері: Джон Дадли (John Dudley) - Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің басшысы (INL), Елшіліктің құқық қорғау бағдарламалары жөніндегі өңірлік кеңесшісі және Раушан Қасымбекова - Елшіліктің Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) бағдарламалар жөніндегі менеджерімен екіжақты онлайн-кездесуі өтті.
Әңгіме барысында тараптар сот сараптамасы мен есірткіге байланысты қылмыстарды тергеу мен ашудағы арнайы ілімнің маңызы мен рөлі туралы мәселелерді талқылап, пікірлермен алмасты.
Кездесу соңында қатысушылар өзара сенімге негізделген бірлескен жұмыс пен тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.