Ү.ж. 21-23 қазан аралығында ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының аумақтық бөлімшелерінің сот сарапшылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы орталығы (UNCCT) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (UNRCCA) ұйымдастырған "Киберқылмыстан терроризмге дейін: онлайн-тергеуді пайдаланудың тиімді әр түрлі мысалдары және цифрлық криминалистиканың рөлі" тақырыбындағы онлайн-семинарға қатысты.
Онлайн-тренингте қазіргі әлемдегі киберқылмыс мәселелері талқыланды, киберқылмыскерлер қолданатын әдістер, қылмыс түрлері және оларды шешу жолдары қаралды.
Терроризмге қарсы тергеулер үшін ашық көздерден шұғыл ақпарат жинау (OSINT) әдістерін пайдаланудың түрлі мысалдары келтірілді, сондай-ақ "Darkweb", "криптовалюталар" қылмыстарын тергеу тақырыптары қозғалды.
Сонымен қатар, тренингке ҚР және БР киберқылмысқа шұғыл ден қоюмен айналысатын (CERT) жеке компанияларының өкілдері қатысты.