2020 жылғы 11 қарашада "ZOOM" платформасында Азиялық сот сараптамалары қауымдастығы (AFSN) ұйымдастырған Бірлескен зертханааралық салыстырмалы сынақтардың (Fibre Collaborative Exercise 2020) қорытындыларын шығару жөніндегі онлайн-отырыс өтті.
Кездесуге ҚХР, Малайзия, Тайланд, Корея, Бруней сот-сараптама мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Шымкент қаласы бойынша ССИ директорының сот-сараптамасы мәселелері бойынша орынбасары Б.С. Тілегенов және Алматы қаласы бойынша ССИ бас сарапшылары Т.Т. Бурханбаева және С.К. Ноғаева қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға талшықтарды сот-сараптамалық зерттеудің жаңа, тиімді әдістері, сондай-ақ зерттеудің көрсетілген түрінде пайдаланылатын аспаптық-техникалық база таныстырылды.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.