2021 жылғы 10 наурызда "Қазақстан заңгерлерінің одағы" РҚБ басшысы С.Б. Ақылбайдың төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шара онлайн форматында өтті. Кеңес жұмысына ҚР Әділет Вице-министрлері А.К. Мадалиев және Н.В. Пан, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасының, Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ЖОО оқытушылары және т. б. қатысты.
Сот сараптамасы орталығы директорының м.а. Р.Т. Нұғманов сот-сараптама қызметін одан әрі дамыту, сондай-ақ оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың келешегі туралы баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында Нұр-Сұлтан қаласында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде Сот сараптамалары институттары ғимараттарын салу мәселелері қозғалды. Зертханаларды "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" ISO/17025-2019 МЕМСТ сәйкес халықаралық аккредиттеуден өтуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға ерекше назар аударылды.
Сөз соңында Р.Т. Нұғманов Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.