"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 13-21 сәуір аралығында сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшылар аттестаттаудан өткізілді. Аттестаттау нәтижелері бойынша 84 сарапшы аттестатталды, 1-еуі қайта аттестаттауға жатады.