Ағымдағы жылдың 28 мамырында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасының негізгі нормаларына арналған дөңгелек үстел өтті.
Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде өтті. Өзекті мәселелерді талқылауға Мәжіліс депутаттары, заң жобасын әзірлеушілер, құқық қорғау және арнайы органдардың, адвокаттық қоғамдастықтың, жоғары оқу орындарының, "Атамекен" ҰКП өкілдері, мемлекеттік және жеке сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында заң жобасын қабылдау сот-сараптамалық қызметтер нарығында бәсекелестік ортаны құруға, жеке сот сарапшылары қызметінің ашықтығын, сапаны жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының қызметін оңтайландыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.