2021 жылғы 16 шілдеде ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті басшыларының қатысуымен ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы болып өтті.
Отырыс барысында Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, 2021 жылғы 2-жартыжылдыққа басым міндеттер айқындалды. Орталық директорының міндетін атқарушы Р.Т. Нұғманов жұмыстың негізгі қорытындылары туралы баяндама жасай отырып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын жүзеге асыруға аса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, отырыста «Е- saraptama» ЖБӨ енгізу, сараптама өндірісінің аутсорсингі, әкімшілік-шаруашылық персонал қызметтерінің аутсорсингі және т.б. жобалардың іске асырылу барысы туралы талқыланды.