Алматы қ. ССИ сот сарапшылары Tengrinews.kz. тілшісіне Атыраудағы балықтардың жаппай қырылу ісі бойынша жүргізілген сараптама туралы айтып берді.
«2019 жылдың сәуірінде Орал өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс аясында екі сот-экологиялық сараптама тағайындалды. Сарапшыларға шешу үшін бірқатар сұрақтар, соның ішінде Орал өзенінде балықтардың қырылу себебін, сондай-ақ Орал өзені суының ластану көзін анықтау тапсырмалары қойылды.
Біз сол аймаққа барып, Орал өзенін, «Атырау Су Арнасы», ТЭЦ, бекіре балығын өсіретін шаруашылық және Луговой ат зауытын қарап шықтық. Қателесуге мүмкіндік жоқ еді, туындаған жағдай бәрімізді алаңдатты.
Әрбір кәсіпорынның технологиялық циклдары зерделеніп, қырылған балықтарға, су, мұз сынамаларына, су түбінің қалдықтарына зерттеу жүргізілді. Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Орал өзенінен алынған частик және бекіре тұқымдас балықтардың ағзасына және ұлпаларына көпсатылы зерттеу жүргізіліп, балықтарға хлорлы заттың әсеріне тәжірибе жасалды. Балықтардың қырылу себебі өте уытты зат хлордың әсерінен улануынан болып табылды, ол балықтардың тынысалу функцияларының бұзылуына, балықтардың ішкі ағзасының, соның ішінде бауыр, ішек, ұйқы бездерінің зақымдануына әкеп соқтырды.
Ластау көздерін анықтау үшін біз әртүрлі уақыт аралығында Орал өзенінен алынған және аккредиттелген зертханалар жүргізген су, мұз сынамаларына, су түбінің қалдықтарына зерттеу жүргізіп, өзен суын пайдаланатын кәсіпорындардың технологиялық циклдарын және қолданатын реагенттерін талдадық.
Алынған нәтижелер «Атырау Су Арнасы» кәсіпорнының Орал өзеніне төгетін шартты-таза сулары хлорид және бос хлордың көзі болып табылатынын көрсетті. Сараптама нәтижесі қарастырылған қылмыстық іс бойынша құқыққорғау органының айыптау қорытындысына арқау болды...»
Мақаланың толық нұсқасын https://tengrinews.kz/article/massovaya-gibel-ryibyi-v-atyirau-sledovatel-raskryil-detali-1618/ сілтемесі арқылы оқи аласыз.